Жамбыл облысында 17 жастағы қыз жалға алған пәтердің терезесінен секіріп кетті
986
Жамбыл облысында 17 жастағы қыз жалға алынған пәтердің терезесінен секіріп, қаза тапты.
Қайғылы оқиға Гвардейский ауылында болған. Қыз сол күні пәтер жалдап, онда кеш ұйымдастырып, 9-сыныпта оқитын бес ұлдарды қонаққа шақырған. Олар Отар ауылындағы №41 мектептің оқушылары. Кеш барысында қыз бірнеше рет өмірімен қош айтысқысы келетінін айтқан.
Түн ортасында ол құрбысына "Мен сені жақсы көремін. Егер маған бірнәрсе болса, бәріңді жақсы көретінімді біліп жүр" деп хабарлама жіберген. Қыз бұл хабарлама арқылы не айтқысы келгені әлі түсініксіз. Таң ата көрші үйдің тұрғыны көпқабатты үйдің жанынан қыздың жансыз денесін тапқан. Қыздың анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылған.
Қайғылы оқиға кезінде кештегі жасөспірімдердің қыздың жанында болғаны не болмағаны белгісіз. Олардың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.
Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
23:36
Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» республикалық м...
21.09.2026
22:36
Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мак...
21.09.2026
21:04
Маңғыстауда инспекцияға күзетшінің өлімін қайта...
21.09.2026
19:38
Астанада шардағы газды жұтып, бейәдеп сөздер ай...
21.09.2026
18:47
Алматыда ШҚАЖ бойында « Mercedes» жүргізушісі і...
21.09.2026
17:05
Астанада апалы-сіңлілі әйелдер жасөспірім қызда...