Жамбыл облысында туысының қызын зорлаған ер адам сотталды
Жамбыл облысында туысының екінші сыныпта оқитын қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желідегі тараған ақпаратта сотталушы жәбір көрген қыздың туысқан ағасы екені айтылған.
Оқиға тал түсте болған. Сотталушы қыздың үйіне ата-анасы үйде болмаған кезде Wi-Fi паролін сұрау сылтауымен кірген. Үйде ғаріп атасы мен бесіктегі сәби болған. Осы сәтті пайдаланып, ер адам арам пиғылын жүзеге асырған.
Қылмыстық іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыпталушыға Қылмыстық Кодекстің 121-бабының 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша айып тағылды.
Сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындаған. Ал жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмеді. Прокурор сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот үкімімен сотталушы 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ
Соңғы жаңалықтар