Жамбылда 15 жастағы қыз 23 жастағы мемлекеттік қызметкерден босанды

Жамбылда 15 жастағы қыз 23 жастағы мемлекеттік қызметкерден босанды
15.09.2025 12:54
0
530

Жамбыл облысында 15 жастағы колледж студенті бала босанды. Баланың әкесі делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 23 жастағы қызметкері қазір тергеуге алынды, деп хабарлайды «Время» газеті.

Байзақ аудандық ауруханасының мәліметінше, жасөспірім 5 қыркүйекте жүктілік бойынша есепке алынған. Оның аяғы ауыр екені колледж оқытушылары оқушының көңіл-күйінің жиі өзгеретінін байқап, анасын шақыртқаннан кейін белгілі болған. Үйде жасалған тест оң нәтиже көрсеткен соң, полиция қызметкерлері оны анасымен бірге ауруханаға жеткізген.

Бір қызығы, студент 19 тамызда колледжге түсу үшін медициналық тексеруден өткен кезде оның жүктілігі анықталмаған. Аурухана дәрігерлері мұны «анасының рұқсатынсыз физикалық тексеру жүргізілмегенімен» және жүктіліктің «кең киімі мен ішінің кішкентай болуына байланысты» байқалмағанымен түсіндірді. Облыстық білім басқармасы да мектепте оқып жүргенде оның мінез-құлқынан ешқандай ерекшелік байқалмағанын мәлімдеді.

Баланың әкесі деп Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінің бірінің 23 жастағы қызметкері аталып отыр. Оның ұсталған-ұсталмағаны әзірге белгісіз, себебі полиция департаменті бұл іске қатысты ресми жауап бермеген. Дегенмен, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны расталды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий