Жамбылда түнімен телефон көргені үшін ұлының бетінен ұрған әке сот алдында жауап берді

Жамбылда түнімен телефон көргені үшін ұлының бетінен ұрған әке сот алдында жауап берді

Жамбыл облысы Сарысу ауданының соты баласын ұрып-соққан әкеге қатысты істі қарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сот материалдарына сәйкес, ер адам түні бойы телефон көріп, таңертең уақытында оянбағаны үшін ұлына ашуланып, «тәрбиелеу» мақсатында оның бетінен ұрған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді.

Кәмелетке толмаған баланың анасы күйеуін кешіретінін айтты.

Сот үкімімен оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу