Жаңаөзенде ер адам әйелін пышақтап өлтірді

30.01.2026 10:55 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Жаңаөзенде ер адам әйелін пышақтап өлтірді
186
Фото: pixabay.com

Маңғыстау облысы Қызылсай ауылында ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы хабарды қазақстандық желіде жазды. 

«Оқиға Қызылсай ауылында 29 қаңтар күні кешкі уақытта болған. 43 жастағы ер адам әйелін суық қарумен жарақаттаған. Ерлі-зайыптының ортақ 7 баласы бар. Мұндай қылмыстар жасырын қалмауы және ақталмауы тиіс», – деп жазды ол. 

 Аталған жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

«29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туындаған.

Желідегі ақпаратқа сәйкес ерлі-зайыптының 7 баласы бар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий