"Жанымда бол деп айтар едім": Мөлдір Әуелбекова жазбасымен елді қызықтырып қойды
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жақында жарыққа шыққан "Жанымда бол" әнінен үзінді жариялап, желіде ерекше жазба қалдырды. Өнер иесінің сөздері елді ойландырып қойды,-деп хабарлайды politico.kz
Мөлдір Әуелбекова бұл жолы тағы да жеке өмірі туралы айта кетті. Өнер иесі бұл әннің сөздерін сүйіктісіне айтқысы келетінін жасырмады. Алайда өнер иесі ғашығын әлі де жолықтырмаған екен."Мен дәл қазір жігітіме "Жанымда бол!" деп айтар едім! Бірақ, ол әлі жоқ", - деген жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл сөздерін қызу талқылап, түрлі пікір білдірді. "Екі рет тұрмыста болып, жігітім жоқ деп айту ұят секілді", "Мен бұл сөздерді ұлыма айтар едім", "Жүректерге иман нұры құйылсын. Армандар орындалсын. Биыл шынымен мәңгілік жанымда бол дейтіндей азаматқа тән иманды жігіт бұйырсын", "Бізді алдап қоятын сияқты. Мөлдірдің сүйіктісі бар секілді", "Махаббат тақырыбын көп қозғап жүр. Соған қарағанда ғашығын жолықтырған-ау", - деп жазуда көпшілік.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ
05.11.2026
19:42
Тоқаев Иордания королін ерекше марапатпен қарсы...
05.11.2026
19:16
Ақын Ербол Бықыбаев ұсталды - заңгер
05.11.2026
19:14
Қазақстанда әуе рейстері кешікті: Vietjet Qazaq...
05.11.2026
18:32
Қазақстанда жылжымайтын мүліктен ең көп табыс т...
05.11.2026
18:26
Алматы облысында полицейлер көлікке оқ атты: Жү...