"Жақ сүйегі жарақатынан айығып жатыр": Трамп әйелінен "таяқ жеген" Макронды мазақ етті

03.04.2026 12:18 Мөлдір Талғат
131
Фото: Sarah Meyssonnier / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Франция президенті Эммануэль Макрон туралы өткір әзіл айтып, француз көшбасшысының жұбайы оған суық қарайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

 Ұлыбританиялық дереккөздің мәліметінше, Ақ үйдің YouTube-арнасында Трамптың жеке түскі асы түсірілген видео қысқа уақытқа жарияланып, кейін өшірілгенімен, журналистер оның көшірмесін сақтап үлгерген. Бейнежазба көпшілікке арналмаған болуы мүмкін.

Кадрларда Трамп НАТО ұйымын Ирандағы соғысты қолдамағаны үшін тағы да сынға алып, сонымен қатар Макронды жұбайы Брижит Макрон итеріп жібергені туралы 2025 жылғы оқиғаны еске алып, келеке еткен. АҚШ президенті әріптестерімен түскі ас кезінде Франция басшысымен болған соңғы телефон әңгімесін айтып, Макронның ағылшын тіліндегі акцентін мазақтап, оның жеке өміріне қатысты пікір білдірген. Оның сөзінше, Макрон әлі күнге дейін жақ сүйегіндегі жарақаттан толық айығып үлгермеген.

Француз саясаткерлері бұл мәлімдемелерді қатаң сынға алып, орынсыз деп бағалады. Франция парламентінің төменгі палатасының төрайымы Яэль Браун-Пиве қазіргі таңда әлемдік деңгейде маңызды мәселелер талқыланып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ирандағы оқиғалар миллиондаған адамның өміріне әсер етіп, майданда адамдар қаза тауып жатқан кезде мұндай мәлімдемелер орынсыз.

Сонымен қатар “Непокорённая Франция” партиясының өкілдері де Макронды қолдап, Трамптың сөздерін айыптады.

Өз кезегінде Макрон Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапары барысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, бұл пікірлерге реакция білдіруден бас тартты. Ол соғыс немесе мұнай бағасының өсуі сияқты маңызды тақырыптарды талқылауға дайын екенін айтып, мұндай сөздерге жауап беруді қажет деп санамайтынын жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий