"Жарайсыздар!" Қазақстанның халық әртістері елді сүйсінтті
Қазақстанның танымал әншілері Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова және Шахизада әлеуметтік желідегі кең таралған трендті қайталап, жанкүйерлерінің көңілін көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Үш әнші гример бөлмесінде сәнді, көз тартарлық киімдерімен камера алдында көңілді билеп, көрермендеріне ерекше әсер сыйлады. Олардың бұл бастамасы тыңдармандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, желі қолданушыларының ықыласына бөленді.
Желі қолданушылары әншілердің шынайы қуанышын жоғары бағалап, пікірлерін қалдырды:
"Роза Рымбаева! Оған тең келер ешкім жоқ!", "Нағима Есқалиева да болғанда керемет болар еді", "Роза өте сымбатты, сәнді, керемет!", "Неткен керемет көрініс! Бәрі де сұлу!", "Жарайсыздар! Айжан әрдайым ерекше!", - деп жазды желі қолданушылары.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...
06.11.2026
21:27
Әлемдік ғылымға үлес қосқан қазақ ғалымы АҚШ-та...
06.11.2026
20:19
Маңғыстауда вахталық автобус жұмысшыны қағып өл...
06.11.2026
19:13
Таразда екі полиция қызметкері тәркіленген қару...
06.11.2026
18:34
«Тірі қалғандарың өкінішті» деп ашаршылықты кел...