Жастардың 70%-ы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі - акушер-гинеколог
Қазақстандағы жыныстық сауат мәселесіне қатысты форумда акушер-гинеколог Айжан Төреханова жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік бойынша қай аймақтың көш бастағанын айтты.
Жастар үлкендерге еліктеп, жыныстық өмірін ерте бастайды. Қорғану әдістері туралы білімнің аздығы да білінеді. Қазір жастардың 70%-ы алғашқы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі. Отбасы мен білім беру орындарында жыныстық тәрбие берілмеген соң дұрыс сақтанбай, жүкті екендерін кеш біледі, – деді акушер-гинеколог.Айжан Төреханова жасөспірімдер ондайда ата-ана мен өзгелердің сөзінен қорқып, өз мәселесімен жалғыз қалады деген пікірде.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 2023 жылы 18 жасқа толмаған 2 105 қыз жүкті болды. Жүкті қыздар көбіне Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарында тіркелді. 18 жасқа толмай босанғандар саны – 1 420, – дейді ол.Фото: Алаш айнасының иллюстрациясы
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.11.2026
12:11
ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұстал...
12.11.2026
12:08
"Отбасымды сақтап қалу үшін барлығын жасаймын":...
12.11.2026
11:47
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыповтың ұста...
12.11.2026
11:32
Алматыда ерекше балаға дөрекілік көрсеткен тәрб...
12.11.2026
11:20
Актер Рүстем Жаныаманов ұлының өлімінен соң жел...
12.11.2026
11:14
ҚТЖ мен «Самұрық-Қазына» басшылары ұсталғаны ха...