"Жазаға тартылады": полиция жоғалған отбасы туралы мәлімет таратқан хакерге іздеу салды

08.01.2026 13:44 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
1280
Фото: ЖИ politico.kz

Қазақстанда бір отбасының із-түзсіз жоғалуына қатысты іс бойынша әлеуметтік желіде өзін «атыраулық хакермін» деп таныстырған белгісіз адамның мәлімдемелері тарады. Аталған ақпаратқа байланысты өңірлік полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада өзін Атыраудан шыққан хакер ретінде таныстырған белгісіз азамат жоғалған отбасыға қатысты «өз бетінше талдау жүргізгенін» мәлімдеген. Аталған видео Instagram желісінде жарияланып, қысқа уақыт ішінде кеңінен тарады.

Осыған байланысты полиция өкілдері азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырып, тексерілмеген әрі жалған мәлімет таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік, тіпті қылмыстық жаза қарастырылатынын ескертті.

«Аталған тұлғаға (хакерге – ред.) қатысты бұған дейін алаяқтық фактілері бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта бұл істер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ол заң талаптарына сәйкес іздеуде», – деп мәлімдеді полиция.

Құқық қорғау органдары отбасының жоғалуына қатысты жедел-іздестіру және тергеу шараларының жалғасып жатқанын хабарлады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий