Желіде Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр деген фейк тарады
Әлеуметтік желілерде әскери техниканың видеосы тарады. Онда бұл әскери техника Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келісімі бойынша Қазақстаннан Ресейге жөнелтіліп жатқаны айтылады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігі өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл қазақстандық техниканы Ресей Федерациясына жіберу сәті емес", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, қазір Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатыр. Оқу-жаттығулар туралы ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында да жарияланған. Шара 2022 жылғы 26 қыркүйектен 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" қатысады.
"Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесетке ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.11.2026
21:18
Қазақстандық мұғалім Рамзан Қадыровтан оқушылар...
25.11.2026
20:20
«Екінші Шымкент, айнала толған мамбеттер»: Аста...
25.11.2026
19:15
Қарағандыда зейнеткерді автобустан қуған жүргіз...
25.11.2026
18:10
Атырауда есірткі ұрлады деп айыпталған бұрынғы ...
25.11.2026
17:50
Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды (ВИДЕО)
25.11.2026
17:22
Шымкентте полиция басшысын парамен ұстатқан әйе...