Жеңілдетілген салық режимі бойынша тыйым салынған кәсіптер тізімі қашан және қайда жарияланады?

Жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істеуге тыйым салынатын қызметтер тізімінің қашан жарияланатыны белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Көптеген кәсіпкерді алаңдатып отырған "жеңілдетілген/оңайлатылған" салық режиміне тыйым салынатын қызмет түрлерінің толық тізімі қашан және қайда жарияланатыны белгілі болды. Бұл сұраққа Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жауап берді.
Әңгіме неден басталды?
Үкімет жаңа Салық кодексін дайындап жатқаны белгілі. Соның бір маңызды тармағы жеңілдетілген салық режимін кімдердің қолдана алатынын нақтылау. Яғни, кейбір кәсіпкерлік түрлеріне бұл режимді қолдануға тыйым салынуы мүмкін. Осыған байланысты бизнес өкілдері арасында кімдерге рұқсат етіледі, «кімдерге тыйым салынады?» деген үлкен талқылау басталған еді. Енді билік бұл тізімді халықтың талқылауына шығаруға дайын екенін мәлімдеді.
Вице-министр не дейді?
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Кемеңгерұлы Әмриннің айтуынша, тыйым салынған қызметтердің тізімі ертең, яғни 26 қыркүйекте жариялануы мүмкін.
"Біз жұма күні шығаруға тырысамыз. Тізім "Ашық НҚА" (legalacts.egov.kz) порталында жарияланады", – деді Әмрин Сенатта өткен брифингте.
Алдымен порталда ресми пресс-релиз шығады. Осыдан кейін кез келген азамат өз пікірін, ұсынысын жаза алады немесе сол жерде "Маған тізімді беріңіз" деп сұрау сала алады. Сонымен қатар, толық тізім Ұлттық экономика министрлігінің сайтында да жарияланбақ.
"Тізім не ертең, не келесі аптаның басында шығады. Менің ойымша, ертең-ақ жариялап қалуымыз мүмкін. Нақты қандай қызмет түрлері екенін білу үшін ертеңгі күнді күтейік", – деп қосты вице-министр.
Соңғы жаңалықтар





