"Жеті рет халықтан ақша жинаған". Шерзат Болаттың отбасысы шындықты айтты
1762
Марқұм Шерзат Болаттың отбасының атынан алаяқтар халықтан ақша жинаған. Бұл туралы адвокат Саида Таукелева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шерзаттың отбасы әуел бастан-ақ осы күнге ешкімнен ақша жинаған жоқ. Алаяқтардың хабарландырулары кездесті, біз оларды дереу тергеу органдарына хабарлап отырдық. Осы күнге дейін жәбірленушілердің атынан алаяқтар 7 рет халықтан ақша сұраған», - деді адвокат Airan YouTube арнасына берген эксклюзив сұхбатында.Саида Таукелева Шерзат Болаттың отбасының атынан ақша сұрағандар кездессе, сенбеу керек дейді. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов болса бұндай алаяқтық схемаға қатысым жоқ дейді.
«Кейбір адамдар менің атымнан ақша жинапты. Менің оған мүлде қатысым жоқ. Сондықтан мен тергеу орындарына осы туралы түсініктеме бердім»,- дейді ол.
Соңғы жаңалықтар
15.08.2026
10:21
«Ұялмайды екен»: Тойда жүрген Мұқасан Шахзадаев...
15.08.2026
09:17
Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаевтың жаңа кл...
14.08.2026
23:59
Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті
14.08.2026
23:14
Алматыда жаппай жарық өшкенде «Сергек» айыппұл ...
14.08.2026
23:05
Ирина Раззах: 9-кезеңде қан, жүрек және көз аур...
14.08.2026
22:50
2044 жылға дейін баю үшін қай салаға бару керек?