Жетісайда арба сүйреген 7 жастағы бала отбасына қайтарыла ма

Жетісайда арба сүйреген 7 жастағы бала отбасына қайтарыла ма
27.12.2024 12:20
0
70
видеодан алынған кадр

Жетісайда мектепке бармай, құжатсыз өмір сүрген 7 жасар бала туралы оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұл оқиға желіде қызу талқылауға түскен болатын. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы іске байланысты жаңа мәлімет айтты.

7 жасар баланың 5 жасар інісі де құжатсыз қалған. Қазір екі бала уақытша тұруға арналған арнайы мекемеде. Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері балалардың анасы қазір құжаттарды ретке келтіріп жатқанын айтты.

"Құжаттарды рәсімдеу процесі жалғасып жатыр. Балалар бейімделіп жатыр, олар оқуда, өздерін жақсы сезінеді. Біреуінің жасы 7-де, екіншісі 5 жаста. Барлық құжат қалпына келтірілгеннен кейін, балалар міндетті түрде отбасына қайтарылады," – делінген хабарламада.

Балаларды отбасына қайтару мәселесі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның отырысында қаралатын болады. Отырыстың нақты күні әзірге белгісіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или