Жетісайдағы өртте қаза тапқан 9 баланың ең кішісі биыл туған нәресте болып шықты
1406
Түркістан облысының Жетісай ауданында болған жантүршігерлік өртке қатысты жаңа, ауыр деректер белгілі болды. 12 адамның өмірін қиған тілсіз жаудан мерт болған 9 баланың ең кішісі биыл ғана дүниеге келген сәби болып шықты, деп хабарлайды Politico.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, өртте 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019 және 2021 жылы туған балалар қаза тапқан. Соңғы мәлімет бұл тізімді одан да ауырлатты: құрбандардың ең кішісі 2024 жылы туған сәби екені расталды.
Қаза болғандардың бесеуі бір отбасының балалары болды. Үшеуі қыз, екеуі ұл. Екінші отбасыдан тірі қалған жалғыз бала 2018 жылы туған қыз. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде екі ересек адам да жатыр.
Еске сала кетейік, бұл зұлмат 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында орын алды. Оқиғаға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл Үкіметтік комиссия құрылып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...