Жетісу облысында отбасылық есірткі бизнесі әшкереленді
542
Жетісу облысының полиция қызметкерлері Алматы – Өскемен автожолында ірі көлемде есірткі тасымалдаған отбасылық қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тексеру кезінде 65 жастағы ер адам мен оның 29 жастағы ұлынан 19 кг марихуана табылды. Тергеу барысында күдіктінің жұбайының да қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Ол күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Қазір барлық күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Сонымен қатар тергеу кезінде күдіктілердің негізгі жеткізушісі Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оның фазендасынан 10 келіден астам кептірілген марихуанна шықты. Осылайша барлығы 30 келіге жуық есірткі тәркіленді", деп хобарлады ПД.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...