Жетісуда әкімнің орынбасары 5 жылға сотталды

30.01.2026 13:10 Арман Ермеков Арман Ермеков
Жетісуда әкімнің орынбасары 5 жылға сотталды
182
Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған лауазымды тұлға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді.

«Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Нәтижесінде бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома заңсыз аударылған.

Мемлекеттік айыптау ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану,) бойынша қылмыс жасаған лауазымды тұлғаның кінәсін толық дәлелдеді», – деп мәлімдеді облыс прокуратурасы.

Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары мүлкін тәркілеместен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий