Жоғалып кеткен 13 жастағы Бейбарыс Рыс аман-есен табылды

02.04.2026 13:03 Мөлдір Талғат
Жоғалып кеткен 13 жастағы Бейбарыс Рыс аман-есен табылды
830
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жастағы Бейбарыс Рыс аман-есен табылды. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Politico.kz.

Еске салсақ, 1 сәуір күні күндіз бала Абай қаласында серуендеуге шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша, ол құрдастарымен бірге болған, олардың кейбірі велосипедпен жүрген. Балалар Қарабас кенті бағытына бет алған. Алайда кешке қарай Бейбарыс үйіне жалғыз жаяу қайтуды шешкен. Жолда ол анасына дауыстық хабарлама жіберіп, телефонының қуаты таусылуға жақын екенін айтып, көмек сұраған және қатты тоңып жатқанын жеткізген.

Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, баланың жоғалғаны туралы арыз 2 сәуір күні Абай аудандық полиция басқармасына түскен. Ал төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала жоғалғаны туралы ақпарат оның соңғы рет байланысқа шыққанынан бірнеше сағат өткен соң ғана белгілі болған, бұл іздеу жұмыстарын қиындатқан.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері, 52859 әскери бөлімінің қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сонымен қатар, аумақты әуеден бақылау үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылған.

Ресми мәлімет бойынша, 2 сәуір күні сағат 12:05 шамасында еріктілерден құралған мобильді топ баланы Абай қаласынан 15 шақырым қашықтықтағы дала аймағынан тапқан. Дәрігерлердің көмегі қажет болмаған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий