Жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл салынады
1774
13 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сонымен жаңа ережелер:
- Көлік салонынан басын шығару, есікті қозғалыс кезінде ашу немесе жүксалғышта отыру – 10 АЕК (шамамен 40 мың теңге). Бұл жаза жүргізушілерге де, жолаушыларға да қолданылады.
- Мүгедектігі бар жүргізушілердің қарама-қарсы жолаққа шығуы – 30 АЕК (118 мың теңге). Бұрын мұндай жаза қарастырылмаған.
- Теміржол өткелінен өту ережесін бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өсті.
- Жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендер үшін жаза үш есеге өсті – 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, қайталанған жағдайда – 40 АЕК.
- Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) себепші болып, қарама-қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер бұрын 6 айға құқығынан айырылса, енді 9 айға айырылатын болды.
Жеңілдетілген жазалар:
- ЖКО-да зардап шеккендер болмаса, бұрын 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылса, енді 20 АЕК (78 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.
- Төленбеген тұрақ үшін айыппұл 3 АЕК-тен 4 мың теңгеге дейін төмендетілді.
- Жаңа өзгерістер жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...