ЖСДП жаңа Құрылтайға баратын 8 депутатының тізімін бекітті
726
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) 23 тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайдағы 8 депутаттық мандатты өзара бөлді, деп хабарлайды Politico.kz.
Тізімге саяси ұйымның басшылары мен әртүрлі сала сарапшылары енді. Құрылтайға баратын депутаттардың тізімі:
- ЖСДП төрағасы, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты әрі халықаралық Социалистік интернационалдың вице-президенті Асхат Рақымжанов;
- ЖСДП Орталық аппаратының басшысы Мақсұт Насибулов;
- Атырау облыстық филиалының төрайымы Нұрайнаш Камалова;
- «PANA» жобасының жетекшісі Лариса Ли;
- Партияның елордалық филиалының экологиялық саясат жөніндегі сарапшысы Аслан Құлмағамбетов;
- ҚР Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің директоры Арман Ақылбай;
- ЖСДП Жастар қанатының басшысы Наурыз Сайлаубай;
- Әйелдер қанатының жетекшісі Ажар Сағандықова.
Еске салсақ, 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша ЖСДП 5,11% дауыс жинап, 8 депутаттық орынға ие болған еді. Сонымен қатар «Ауыл» партиясы да Құрылтай депутаттарының тізімін бекітті.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
23:42
«Қамқорлық жасайын десем де мүмкіндігім болмады...
14.09.2026
21:25
Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелг...
14.09.2026
20:45
Асхат Асылбеков депутаттарға: Журналистің өткір...
14.09.2026
20:34
PSG Academy-ді елге әкеліп, дзюдоны дамытқан Ал...
14.09.2026
20:23
Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі бол...
14.09.2026
20:16
Алматыда полицейлер есірткіге тәуелді адамдарда...