Жұлдыз керек болмай қалған көйлектерін 600 мың теңгеге сатып жатыр

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова ескі көйлектерін сатып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-ке сілтеме жасап.
Актриса әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, оқырмандарының сұрауы бойынша гардеробындағы кимейтін киімдерін сатылымға шығаратынын айтқан.
«Шағын ғана хабарлама айта кетейін. Әсіресе, қыз-келіншектер, мұқият болыңыздар. «Естімей қалдым, білмей қалдым, көрмей қалдым» деп ренжіп жүрмеңіздер. Өйткені, маған «мына киіміңізді сатыңызшы, қашан гардеробыңызды сатасыз» деген көп хат келеді. Дәл қазір жүкті кезімде мен бүкіл киімімді сатылымға шығарып қойдым», - деген ол көп киім-кешегін көрсеткен.
Сатылым үшін жеке парақша ашқан ол киімдері өз бағасынан әлдеқайда арзанға сатылатынын хабарлаған. Актрисаның айтуынша, бұл баға – киімнің өз бағасынан 50-70 пайызға арзан.
Әзірге актриса той-тоймалақ пен жұлдызды кештерге киген көйлектерін сатып жатыр. Бірінің бағасы – 100 мың теңге, арасында 175 мың, 300 мың теңгенің, тіпті қолдан тіккен 600 мың теңгенің көйлектері бар.
Соңғы жаңалықтар





