«Жүрегіме ауыр тиді»: Танымал блогер ұлының атын өзгертті

06.01.2026 09:28 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Жүрегіме ауыр тиді»: Танымал блогер ұлының атын өзгертті
0
328
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал блогер Зухра Хакиева ұлының есімін ауыстыруға мәжбүр болғанын айтып, желі қолданушыларын ойландырды, деп хабарлайды Politico.kz

Блогер бұл шешімі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, әрбір ана үшін баласының амандығы бәрінен биік екенін жеткізді.

«Бүгіннен бастап ұлымның есімі — Даниял. Артық түсіндірменің қажеті жоқ. Әр ана үшін баласының саулығы мен амандығы бірінші орында тұрады. Бұл есім жүрегіме өте жақын. Бастапқыда-ақ осы атты қойғым келген еді. Даниялым аман болсын, нар тұлғалы, абыройлы, иманды, жанашыр, ғұмырлы болып өссін», — деп жазды Зухра Хакиева.

Желі қолданушылары блогердің шешімін қолдап, жаңа есімге қатысты жылы лебіздерін білдірді.

«Құтты болсын, жаңа есім», «Өте әдемі ат. Есіміне сай өмірі нұрлы, дені сау, жүрегі таза, елге сыйлы азамат болып өссін», «Үлкен азамат болсын», «Көз тимесін. Даниял анасының қуанышы, қорғанышы болсын», — деп жазды оқырмандар.

Көпшілік блогердің бұл қадамын түсіністікпен қабылдап, баласына тек жақсылық тіледі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий