"Жыл басынан бері үшінші ота": Танымал астаналық мектеп директоры денсаулығына байланысты ауруханаға түсті

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған астаналық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазаның денсаулығы сыр беріп, ота жасатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол желідегі жеке парақшасында мәлімдеп, басынан өткерген қиын сәтімен бөлісті:

«Отадан осы жаңа шықтым. Қуанышта да, қайғыда да бірге болған алтын оқырмандарым, қолдау сөздеріңіз, жылы лебіздеріңіз, дұға-тілектеріңізге рақмет. Биыл денсаулық жылы болды. Жылдың басынан бері 3-ота болды, Алла қолдасын. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, қалғанының бәрі өткінші», — деп жазды ол.

Сонымен қатар мектеп директоры өзіне ота жасаған дәрігерлерге алғыс білдірді. Желі қолданушылары білім ордасының басшысына қолдау көрсетіп, оған тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу