Элиталық тұрғын үй кешенінде тұратын Ақкенженов коммуналдық шығындарға қанша ақша жұмсайды

Элиталық тұрғын үй кешенінде тұратын Ақкенженов коммуналдық шығындарға қанша ақша жұмсайды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Энергетика министрі Ерлан Аққенженов ай сайын коммуналдық қызметтерге қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Үкіметте өткен брифинг барысында министр өз отбасымен бірге елордадағы танымал «Highvill» тұрғын үй кешенінде тұратынын жеткізді. Оның сөзінше, ай сайынғы коммуналдық төлемдерге орта есеппен 70 мың теңгеден астам қаржы кетеді.

«Мен ай сайын 73 000 -75 000 теңге коммуналдық қызметтерге төлеймін. Оған интернет пен паркингтің ақысы кірмейді. Мен көлік қоятын жерді жалға алып отырмын», – деді Ерлан Аққенженов тілшілерге берген жауабында.

Бүгінгі таңда министрдің айлық жалақысы 1,2 миллион теңгені құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін энергетика министрі ресми декларациясында өзінің бір жылдық табыс көлемін де ашық көрсеткен болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу