Zoom-да боқтап қойған шенеунік елден кешірім сұрады (ВИДЕО)

Zoom-да боқтап қойған шенеунік елден кешірім сұрады (ВИДЕО)
09.10.2025 13:46
0
182
Асқар Байжігітұлы Можанов. Фото: Алексей Губанов

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов Zoom-конференция кезінде айтқан бейәдеп сөздерінен кейін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Журналистер қойған сұраққа жауап берген ол өз әрекетіне өкініш білдіріп, бұл сөздер ешкімге жеке бағытталмағанын айтты.

«Шынымды айтсам, осы жағдайға қатты өкінемін. Сол жиынға қатысқан әріптестерімнің бәрінен кешірім сұраймын. Ол сөз ешкімге жеке айтылған жоқ, жай ғана эмоцияның әсерінен шығып кетті. Кейде біз, спортшылар, ойын кезінде ашуға беріліп кетеміз ғой футбол не хоккейде гол соға алмай қалсаң, өз-өзіңе ыза боласың. Сол сәттегі сезіммен аузымнан шығып кеткен сөз. Өте өкінемін», — деді ол.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Асқар Можановтың Zoom форматындағы жиналыс кезінде бейәдеп сөз айтқан сәті жарияланып, қоғамда үлкен талқы туғызған болатын. Осы жағдайдан кейін ШҚО әкімдігі оның іс-әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс бастаған.

Айта кетейік, соңғы уақытта мұндай оқиғалар жиілеп кетті: бұған дейін Алматы облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасарының бейәдеп сөздері бар аудио жазбасы мен Шілікті ауылдық округі әкімінің тұрғындарға боғауыз айтқан видеосы да әлеуметтік желіде тараған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий