Зорланған әйел күдіктіні құтқарам деп өзі сотталып кетті
2963
Түркістан облысында зорлау ісі бойынша жәбірленуші әйел мен оның адвокаты сотта жалған айғақ бергені үшін кінәлі деп танылып, ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігімен (сотта көрінеу жалған айғақтар беру) адвокатқа қатысты үкім шыққан.
«Бұған дейін жәбірленуші азаматша өзін зорлағаны туралы іспен басты сот талқылауы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шыншыл жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген.
Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматшаға қатысты ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесімен соңғыны мұндай әрекетке адвокаты айдап салғанын анықтаған», — делінген прокуратураның хабарламасында.
Биылғы 18 ақпанда шыққан сот үкімімен адвокат пен азаматшаға тиісінше 5 және 6,5 жыл мерзімге түрме жазасы тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
10:10
Атырауда көлік иелерін 1,1 млрд теңгеден астам ...
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...