Зүлфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалды

11.11.2025 11:06 Арман Ермеков
Зүлфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалды
0
134
Фото: gov.kz. Суретте: Зүлфия Сүлейменова

Бұрын Экология және табиғи ресурстар министрі және Президент кеңесшісі қызметтерін атқарған Зүлфия Сүлейменова жаңа лауазымға ие болды. Ол енді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол өзінің білімі мен тәжірибесін халықаралық қатынастар және экология саласында тереңдеткен.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр (2012) және магистр (2014) дәрежелерін алған. Кейіннен 2016 жылдан бастап Жапониядағы Ұлттық саяси зерттеулер институтында (GRIPS) PhD докторантура бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған.

  • 2014 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
  • 2015-2017 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (Бангкок, Таиланд) бірнеше дивизионда қызмет атқарды.
  • 2019 жылы БҰҰ Даму бағдарламасының Түрікменстандағы және Қазақстандағы өкілдіктерінде, сондай-ақ БҰҰ ЭСКАТО-ның Қоршаған орта және даму дивизионында жұмысын жалғастырды.

Сол 2019 жылы Зүлфия Сүлейменова Президенттік жастар кадр резервіне енген болатын.

  • 2020 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
  • 2021-2022 жылдары VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланып, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
  • 2022 жылдың наурызында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымына келді.
  • 2023 жылдың қаңтарынан сол жылдың қыркүйегіне дейін Экология және табиғи ресурстар министрі ретінде министрлер кабинетін басқарды.

Осы жаңа тағайындауға дейін, яғни 2023 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарып келді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий