Қазақстанда мұнай өндірісі құлдырауға жақын
315
Жыл сайын 80 млн тоннадан астам мұнай өндіріп, соның арқасында Ұлттық қорын бірнеше трлн-мен толтырып отырған Қазақстанда мұнай өндірісі көңіл көншітпей тұр,-деп хабарлайды politico.kz
Жалпы, шағын зауыттары жабылудың алдында тұрған, ірі үш зауыты жиі бұзылатын елдің мұнай өңдеу саласын айтпай-ақ қойсақ болады. Сөйтсек, өңдеуден бөлек, мемлекет қорының жыртығын жамап отырған мұнай өндірісі де жетісіп тұрмаған екен. Бұл қарқынмен алдағы он жылдықта қара алтынды тек экспорттап, ішкі сұранысты өтеуге тамшысы да қалмауы мүмкін. Жаңа кен орындары атымен жоқ. Қазақстанда үш алпауыт мұнай-газ кен орны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ бар. Жыл сайын елдегі мұнай өндірісінің 70-80 пайызын шығарады. 90-жылдары аталған кен орындарының әрқайсысымен 40 жылға келісімшарт жасалды. Теңізбен келісім уақыты – 2033 жылы, Қарашығанақтікі – 2038 жылы, Қашағандікі 2042 жылы аяқталады. Бұл аталған кен орындарының жұмысы жақсы, бірақ тиесілі мұнайының бәрін шет елдерге айдайды. Ал өзімізде ескі техниканы амалдап, одан қалды банкрот болудың алдында тұрған ұсақ компаниялар бар. "Маңғыстаумұнайгаз", "Өзенмұнайгаз", "Ембімұнайгаз" секілді батыстағы үлкен кен орындарынан мұнай алатын отандық компаниялар бар. Дегенмен олардың да жағдайы оңып тұрмағанға ұқсайды. – Ұлттық компанияға қарайтын кен орындарында мұнай қоры жылдан жылға азайып келеді. Яғни, кен орындары ескірген, сондықтан жыл сайын бұл жерлерде өндіріс азая береді. Түгелі дерлік Кеңес заманынан қалған. Егер жаңа кен орындары ашылмайтын болса, елдің мұнай саласы шетелдік компанияларға тәуелді болып қалады. Мысалы, шетелдік компаниялардың елдің мұнай өндірісіндегі үлесі 10 жыл бұрын 60 пайыз шегінде жүрсе, қазір 70-тен асты, тағы 10 жылдан соң 80 пайыздан асады. Шетелдіктер игеріп отырған 3 кен орнына тәуелділігіміз артқанының айғағы – осы, – дейді экономист Абзал Нарымбетов.Соңғы жаңалықтар
15.08.2026
12:17
Кәрім Мәсімов АҚШ-та жүр ме? ІІМ мәлімдеме жасады
15.08.2026
11:12
Ақтөбеде жылан шаққан 16 жастағы жасөспірім жан...
15.08.2026
10:21
«Ұялмайды екен»: Тойда жүрген Мұқасан Шахзадаев...
15.08.2026
09:17
Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаевтың жаңа кл...
14.08.2026
23:59
Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті
14.08.2026
23:14
Алматыда жаппай жарық өшкенде «Сергек» айыппұл ...