«Сүндет той жасаған»: Түркістанда өрттен қаза тапқандар туралы тың дерек шықты
1473
Дереккөздің хабарлауынша, үй иесінің 61 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады POLITICO.KZ.
Оның 34 жастағы ұлы (үй иесі) мен 31 жастағы келіні 5 баласымен қайтыс болған.
Үй иесінің ағасы – жансақтау бөлімінде. Ағасының әйелі мен төрт баласы көз жұмған, тағы бір баласы жансақтау бөлімінде жатыр.
Үй иесі 17 қараша күні тойханада сүндет той жасаған. Тойдан соң ағайынды екі ер адам отбасымен бірге өрт шыққан үйге келіп жатқан.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілген.
«Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», - дейді дәрігерлер.
18 қарашада Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты. Оның 9-ы - бала. Тағы 3 адам ауруханада.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...