Азамат Қасымов Абай облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды
322
Абай облысы әкімінің кеңесшісі болып Азамат Қасымов тағайындалды.
Азамат Әбілұлы 1985 жылы 8 тамызда Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған. 2009-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды.
2017-2020 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 2020-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай» телеарнасы қазақ редакциясының шеф-редакторы, республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, «Хабар» агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Хабар» агенттігінің Абай облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған. Соңғы жаңалықтар
22.05.2026
13:38
Шахтинскіде мотоциклге жанармай құймақ болған ж...
22.05.2026
13:08
Мейрамбек Беспаев та марапат алды
22.05.2026
12:44
Әл-Фарабидегі жол апаты: сот отырысының қашан ө...
22.05.2026
12:09
Ақтау апатында қаза тапқан Сәлима Жұтаеваның қа...
22.05.2026
11:47
Алматыда 25 жастағы жігіт белгісіз жағдайда жоғ...
22.05.2026
11:35
Қаржылай көмек, шипажай, тұрғын үй: «Қазақмыс» ...