«Қазақфильм» киностудиясының жаңа басшысы тағайындалды
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті болып Құрманбек Жұмағали тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.
Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметте, бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
Әр жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында жұмыс істеген. Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және басшысы қызметтерін атқарған.
Бұдан бөлек, «Қазақ радиоларының» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.
2019-2021 жылдары «Астана» телеарнасының, ал 2021-2023 жылдары «31 арнаның» бас директоры қызметін атқарды.
2023 жылдың шілдесінен бастап Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарды.
Соңғы жаңалықтар