«Балабақша күтушісі кішкентай қызды ұрған»: Қылмыстық іс қозғалды
338
Атырау облысындағы балабақшада болған жағдайға қатысты облыстың бала құқығы жөніндегі уәкіл Айжан Мақсұтқызы пікір айтты.
Ол балабақшада балаға қатысты оқиға қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
«Аталған балабақша Атырау қаласындағы жекеменшік-серіктестік аясында салынған мекеменің бірі. Қазіргі уақытта орын алған жағдайға байланысты балабақша әкімшілігінен түсіндірме жұмыстары алынды. Қалалық білім бөлімі жанынан зерделеу тобы құрылып, орын алған жағдайға орай қызметтік тексеріс тағайындалды. ҚР Қылмыстық Кодексі 140 -бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша іс тіркелді. Орын алған жағдай құқық қорғау органдары назарында және балалардың құқықтарын қорғау Комитеті мен Динара Зәкиеваның бақылауында екенін қаперге беремін», - деді ол.Атыраулық ата-ана балабақша күтушісі қызыма қол көтерді деп шағымданды. Ол балабақшаға барғанына үш күн ғана болған қызының маңдайы көгеріп, ауызы іскенін байқайды. Ал бала күтуші бүлдіршіннің жүгіріп ойнап жүріп құлап қалғанын айтқан. Фото: instagram.com/atyrauoil.official
Соңғы жаңалықтар
15.05.2026
10:15
Арбаға таңылған мүгедек жігітті соққыға жықты д...
15.05.2026
09:19
«Қазақмыс» өндірісте цифрлық бақылауды күшейтеді
15.05.2026
08:58
«БАД-тарын «оқылған дәрі» деп сатты»: журналист...
14.05.2026
23:20
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана...
14.05.2026
22:39
Қазақстанда дауылды ескерту: аптап ыстық пен үс...
14.05.2026
21:38
Атырауда мүсін құлап 7 жастағы қыз қаза тапқан ...