"Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген": астаналық тұрғын алаяқтық үшін сотталды
734
Астанада алаяқтық жасады және Қуандық Бишімбаевтың анасын пара беруге итермеледі деп айыпталған Людмила Грачеваның ісі бойынша алқа билер соты шешім шығарды.
Бұған дейін прокурор Людмила Грачеваны Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын: ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу"; ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігімен "Аса ірі мөлшерде пара беру" бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігінде "Арандату" қолданылып, қылмыстық іс қозғалды.
Людмила Грачева сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге арналған 100 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отырғаны белгілі болды.
Сот алқабилердің қатысуымен өткендіктен, судья оларға мынадай сұрақ қойды: "2024 жылдың 17 мамырында Грачеваның әңгіме барысында Нұрлыбекованы (Қуандық Бишімбаевтың анасы – автордың ескертуі) ұлы Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 миллион теңге аударуға көндіргені, бұл қаражатты шенеуніктерге пара ретінде беру Грачева кінәлі ме деген сұрақтар қойылды.
Соңғы жаңалықтар
22.03.2026
17:23
Санжар Боқаев екі айға қамалды
22.03.2026
16:13
Абай облысында бес күн далада қалған малшы қар ...
22.03.2026
15:15
Шалқарда қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жер ...
22.03.2026
14:18
Дональд Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді: Орму...
22.03.2026
13:14
Қосшы қаласында жаңа туған нәрестенің денесі жо...
22.03.2026
12:19
Премьер-министр Олжас Бектенов барша қазақстанд...