"Біз Айдың кестесін жасамаймыз ғой": министр Жақыпова Құрбан айттағы демалыс неге "жоғалып кеткенін" түсіндірді
234
Үкімет кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 17 маусымда қазақстандықтардың неліктен демалмағанын түсіндірді,-деп хабарлайды politico.kz
Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова журналистердің мерекелік күнтізбеде алғашында 17 маусымға белгіленіп, кейін жоқ болып кеткен демалыс күні туралы сұрақтарына жауап берді."Мен қазақстандықтардың күйін жақсы түсініп отырмын, біз жыл соңында мерекелерді анықтауға қатысты барлық мемлекеттік органдардан, соның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан (ҚМДБ) сұраймыз. Олар бізге бастапқыда Құрбан айттың бірінші күні 17-не келеді деп ресми ақпарат берді, осыған сәйкес күнтізбе жасалды", - деді Жақыпова. Ол ҚМДБ хатында бұл күн күнтізбеге байланысты ауысуы мүмкін екендігі ескертілгенін айтты. Құрбан айтқа екі апта қалғанда Еңбек министрлігіне мерекенің бірінші күні онсыз да демалыс күні – 16 маусымға сәйкес келетіні туралы хат келген "Біз күнтізбе мен Айдың кестесін жасамаймыз ғой. Алдын ала білмедік", - деп жауап берді Светлана Жақыпова.
Соңғы жаңалықтар
07.04.2026
20:38
Алматыдағы ЖЭО құрылысы баяулаған: Бектенов ныс...
07.04.2026
18:18
Ресейге қашып кеткен басшылардың Өскемендегі за...
07.04.2026
17:42
Түрмеде отырған Бишімбаев үшінші рет үйленіп ал...
07.04.2026
17:12
Гүлнар Сиқымбаеваның ұлының өлімі: полиция мән-...
07.04.2026
17:12
«Жалаңаш суреттерін шетелге жіберген»: Қазақста...
07.04.2026
16:40
Иранның жоғарғы көшбасшысы ес-түссіз жатыр — БАҚ