Тоқаев ауыс-түйіс жүргізді
238
Мемлекет басшасы Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінде ауыс-түйіс жүргізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен:
- Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары –Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
- Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін президент Қорғаныс министрлігінің бірден үш басшысын қызметінен босатқан еді.
- Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
- Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
- Қанат Ниязбеков Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.
27 қыркүйекте Дәурен Қосанов министр қызметінен босатылған болатын. Оның орнына Айдос Мырзахметов келді.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
11:00
Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен миллиондап...
05.10.2026
10:35
Астанада автобус 150 теңгеге қымбаттауы мүмкін
05.10.2026
10:26
Азамат Есқараев елші қызметінен босатылып, През...
05.10.2026
10:20
Тоқаев ауыс-түйіс жүргізді
05.10.2026
10:09
Тамағын қоқыстан тапқан: БҚО-да 10 жастағы бала...
05.10.2026
09:43
Таразда 24 жастағы жігітті өлтірді деген күдікт...