Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас Алакөлде қалай демалып жатқанын көрсетті
1279
Жақында ғана жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Қайрат Нұртас әлеуметтік желіге оралды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, оқырмандарына Алакөлдегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды politico.kz KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.
Қайрат Нұртас бостандыққа шыққан бойда інісінің дүкенінің ашылуына барып, тыңдармандарымен қайта қауышқан болатын. Мерекелік шара аяқталған соң өнер иесі отбасымен бірге демалып қайтуды шешкен. Жұлдызды жанұя Алакөлге аттанып, бүгінде ерекше уақыт өткізуде.
Қайрат Нұртас абақтыдан шыққан кейін алғаш рет желіде видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен. Бейнежазбада әншінің жағалауда тұрғаны мен анасымен гидроскутермен келе жатқанын көруге болады.
Айта кетейік, 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті.
Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.
Фото: Instagram/kair_n
Соңғы жаңалықтар
18.06.2026
15:37
Шайдоровқа Олимпиадағы жеңісі үшін төрт айдан ...
18.06.2026
15:27
Атыраудағы қанды іс: Сәрсемәлиевтен 70 миллион ...
18.06.2026
15:16
Қазақмыс корпорациясы автопаркті жаңарту аясынд...
18.06.2026
14:38
Мәжілісмен Бақытжан Базарбектің сот шешімін еле...
18.06.2026
14:01
"Әкесі зорламаған": Блогер Juzzefina-ның көмекш...
18.06.2026
13:46
АҚШ-та ұсталған Еламан Балтагерей кепілмен боса...