БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам, оның ішінде полицей қаза тапты
331
Батыс Қазақстан облысында бес адам, оның ішінде полицей жол апатынан қаза тапты.
«Уральская неделя» басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамыз күні сағат 7.00 шамасында Жалпақтал кентінің маңындағы Казталовка-Орал тас жолында болды. Автокөлік жол бойында тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан.
Автокөлікте бес адам болған. Төртеуі оқиға орнында қаза болды, ал бесіншісі кейінірек ауруханада қайтыс болды.
Қаза тапқандардың бірі – Казталов полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев екені анықталды. Онымен бірге әйелі де көз жұмды. Екеуінің артында бес баласы қалды.
Аталмыш басылымның жазуынша, көз жұмғандар сыныптас болған. Қаза болғандар арасындағы тағы бір ерлі-зайыптының жеті баласы бар.
Соңғы жаңалықтар
07.07.2026
20:28
Еліміздің Бас прокуроры тағайындалды
07.07.2026
19:08
Көкшетауда бес елдің 765 киберспортшысы бақ сын...
07.07.2026
18:23
«Қош келдің, қызым!»: белгілі әнші Ринат Шамшыр...
07.07.2026
18:15
«Мұндай мүмкіндікті жіберіп алғым келмеді»: Алм...
07.07.2026
17:55
QazaqGaz басшысы топ-менеджерлерге берілетін ми...
07.07.2026
17:28
Тоқаевтың сотқа сауалы не үшін қажет болды – са...