Діни пропаганда үшін орануға ұсынылған сома – 200-500 мың доллар
1481
Бұдан біраз уақыт бұрын тележүргізуші Динара Сәтжан «Блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша ұсынады» деп еді. Енді журналист Әсел Қайролла діни пропоганда үшін кейбіреулерге ақша төленетіні туралы қызық мәлімет ұсынып отыр, деп хабарлады politico.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасына жазды. Айтуынша, оған есімін атамауды сұраған бір кісі орану үшін қанша ақша төлейтінін айтқан көрінеді.
Өзін атамауды өтінген (тіпті, жалынған) сенімді дереккөзден: діни пропаганда үшін орануға ұсынылған сома 200 000-500 000$ арасы. Қосымша Bvlgari, Cartier, Tiffany, т.б. Біздегі діннің жағдайы осы, – деп жазды журналист.Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікір жаза жөнелді. «Оранғым келіп кетті. Сақалды мұртсыз қоямын тіпті», «Маған неге ұсынбайды, а? Мына жақта дәптер бағасын есептеп отырмын, тиын санап. Қай жерге заявка тастайды?», «Тегіннен-тегін тағып, шешіппін ғой», «Сақал қойғанға ше? Ол туралы айтпады ма? Бізге шанс жоқ па?», «Ақшасын білмеймін, бірақ жақын туыс әпкем Астанада аса белгілі, ауқатты адамның аспазы болған. Ана кісі «пәтерде тұрады екенсіз, ол мәселені реттеп, басыңызға үй берем. Бірақ оранып жүрсеңіз деген талап бар» деген. Әпкем «ондай шешімді пәтер үшін деп қабылдай алмаймын» деп жұмыстан шыққан. Көз алдымда болған, көзім жеткен оқиға. Сондай пәрменді адамдардың айналасынан келіп түсетін ұсыныс болар» деп жазды желі қолданушылары. Фото: joyreactor.cc
Соңғы жаңалықтар
08.09.2026
23:10
Эльдар Толғанбаев Президенттің ішкі саясат және...
08.09.2026
22:45
Талғар түбіндегі апат: Сhery мен BMW соғысып, б...
08.09.2026
21:25
Алматыда дәрігерлер 25 минутта ота жасап, жүкті...
08.09.2026
19:57
Журналист Арман Шораев әлеуметтік желіде бейәде...
08.09.2026
18:58
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының...
08.09.2026
17:34
Президент Жолдауы және цифрлық трансформация: С...