Ерке Есмахан: Қазақ болып тумағанда не етер ем?!
553
Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында ұлттық нақыштағы киіммен видео жариялады. Көпшілік қазақылық иісі аңқыған әншіге оң пікірін жазып қалдырды.
Видеодан ұлтық нақышта киінген Ерке Есмахан мен оюлы дастарханды және көрпелерді аңғаруға болады. Ал әншінің өзі видео астына ұлтқа деген сүйіспеншілікті дәріптеп, жазба қалдырған.
"Қазақ болып тумағанда не етер ем?! Қазақтың таза қаны, діні, қазақы тәрбие, салт-дәстүрІ, қазақша өнер, тағамы, тіліміз, тарих, қазақша стиль, құндылық ұштасса, сол бақыт! Осының бәрін жақсы көремін! Өзім қазақтың перзенті, қызы, келіні, жары, анасы, әншісі болғаным үшін шүкір айтамын!️ Қазақ болғаныңызға мақтанатын себептеріңіз қандай?", - деді Ерке Есмахан.
Мұны көрген көпшілік әншінің ұлтына деген махаббатына риза болды. Олар Ерке Есмаханға ақ тілегін жаудырып, оң пікір қалдырды.
"Әлемі әсемік пен әдемілікке толы", "Қазақи рух және тазалық", "Керемет" , "Қазақи эстетика", "Сізді "нәзіктік" символы дер едім", "Береке сезіліп тұр", "Көз рахаты", "Бақытты болыңдар", "Қазақи тәрбие қанмен беріледі", "Қазақ қызы болғаныма мақтанып кеттім", "Бәрі жарасады", - деп жазды желі оқырмандары.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
18:59
Адамбай: Америкада полицей көргенде қорықпайсың...
16.09.2026
18:51
“Адам өлтірген жоқ”: Қайрат Нұртастың анасы Нұр...
16.09.2026
18:11
Ақтөбеде ер адам жол-көлік оқиғасынан зардап ше...
16.09.2026
17:17
Семейде автобус жолда тұрған көлікке соғылды: з...
16.09.2026
17:11
«Сот арқылы көресіз»: Жамбыл облысында 19 жасын...
16.09.2026
16:18
Түнде есікті жұлқылап, дұға оқыған: Астанада бе...