"Иттігімді кешірмеймін": әнші Медеу Арынбаев өміріндегі өкінішін айтты
427
Отандық танымал әнші Медеу Арынбаев өмірінде қай қылығы үшін қатты өкінетінін айтты. Өнер иесі әйелі екінші перзентін босанарда оған қолдау білдіріп, қасынан табыла алмағаны үшін өзін кешіре алмайтынын жеткізді,-деп хабарлайды politico.kz
Медеу Арынбаев сол кезде екінші перзенті де ұл болғанын қалағанын жасырмады. Алайда кейін қыз баласының жөні бөлек екенін түсінген. "Қызды болатын кезім. Жігіттермен бас қосып, тойлауды бастап кеттік. "Құдай қаласа екіншісін күтіп жатырмыз. Құдайдан ұл тілеп отырмын" дедім. Әйелімді перзентханаға алып кетті. Үйде аналарымыз күтіп жатыр. Сол кезде келіншегіме қолдау білдіріп, демеу болуды ойламаппын. Қайтеміз сол кезде оңбадық қой. Балалық болды ма? Шалалық болды ма? Өзімді сол үшін әлі кешірмеймін. Түннің кезінде маған қоңырау шалып, қыз дүниеге келгенін айтты. Таңғалып қалдым. Кейін қызым үйге келген соң, ұл бала қолдан тарта береді. Қыз баланың жөні бөлектеу екен. Қырқынан шыққан соң қызыма деген сүйіспеншілігім ерекше болып кетті. Әлі күнге дейін сондай. Күнде кешірім сұраймын. Сол кезде айтқан иттігімді кешірмеймін", - деді өнер иесіСоңғы жаңалықтар
29.09.2026
11:35
«Судан қорқатыныңды біле тұра, неге секірдің?»:...
29.09.2026
11:25
Үндістанда іздеудегі қазақстандық бапкерге көме...
29.09.2026
10:58
Астанада автотұрақтағы әйелдің өлімі: төрт экс-...
29.09.2026
10:51
Пиротехника зауытында жарылыс болып, 14 адам қа...
29.09.2026
10:46
Семейде 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованы өлтіру ...
29.09.2026
10:29
Күдікті ұсталды: Щучинскте үй өртеніп, ерлі-зай...