Шымкенттің сәулет басқармасының басшысы ұсталды

Шымкенттің сәулет басқармасының басшысы ұсталды
14.08.2025 11:49
0
392
Сурет z-taraz.kz сайтынан

Шымкентте жоғары лауазымды шенеунік жемқорлық күдігімен ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

13 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовті қамауға алды. Оған аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін талан-таражға салды деген айып тағылып отыр.

Журналист Ботагөз Омарованың айтуынша, басқарма басшысын комитет қызметкерлері Шымкент әкімдігінің ғимаратында, тікелей өзінің қызметтік кабинетінде ұстаған. Шенеунік сол күні уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оған қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Арман Әбдешовтың бұл лауазымға ағымдағы жылдың ақпан айында ғана тағайындалған.

Арман Әшімбекұлы Әбдешов — 1984 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған. Ұлты – қазақ. Жоғары білімді: 2005 жылы Қазақстан–Түрік университетін «жарнама дизайны» мамандығы бойынша, 2019 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «сәулет» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын жеке секторда бастаған, кейін сәулет және қала құрылысы саласындағы түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеді. 2022 жылы Тараз қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болды. 2025 жылдан бастап Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий