Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды

26.09.2026 • 12:09 Қарақат АСЫЛОВА
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды
285

Маңғыстау облысында кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу арқылы Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып бекітілді.

Жаңа әкім еңбек жолының басым бөлігін спорт саласына арнаған. Ол дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ спорт мектептерін басқарған.

Мақсат Мұқаш бұған дейін Жаңаөзен қаласы мәслихатының депутаты, Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі және Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы екі жылда Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды. Осы қызметтен кейін Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий