«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағдайдан кейін ұсталған Хайрушевтің қызы үндеу жасады

26.09.2026 • 15:36 Қарақат АСЫЛОВА
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағдайдан кейін ұсталған Хайрушевтің қызы үндеу жасады
622

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты ұсталған Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушевтің қызы әлеуметтік желіде үндеу жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу аяқталмай тұрып түпкілікті қорытынды жасамауға шақырды.

Оның айтуынша, бұл үндеуді ол ең алдымен ұсталған әскери қызметшінің қызы ретінде жазып отыр. Ол қаза болғандардың жақындарының қайғысын түсінетінін айтып, әрбір марқұмның отбасына көңіл білдірді.

Хайрушевтің қызы тергеу барысында оқу-жаттығуды ұйымдастыру кезінде шешімдерді кім қабылдағанын, қандай бұйрықтар берілгенін және әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне кім жауапты болғанын анықтау маңызды екенін атап өтті.

Ол кінәлі адамдар заң алдында жауап беруі керек екенін жоққа шығармайтынын жеткізді. Алайда жауапкершілік нақты заң бұзушылыққа жол берген адамдарға жүктелуі қажет деп санайды.

«Егер біреу қылмыстық немқұрайлылық танытып, заңсыз шешім қабылдаса немесе қайғылы жағдайға әкелген бұйрық берсе, ол адам заңға сәйкес жауап беруі тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар Хайрушевтің қызы әкесінің өзге адамдар қабылдаған шешімдер үшін жауапқа тартылуынан алаңдайтынын білдіріп, істі жан-жақты әрі объективті қарауды сұрады.

Войдите, чтобы оставить комментарий