Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әлем чемпионы атанды
317
Тбилиси қаласында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді, деп хабарлайды Politico.kz.
52 келіге дейінгі салмақта J1 санатында сынға түскен Альфия Тілекқабыл финалда Бразилия өкілі Де Андрадемен белдесіп, қарсыласын иппон әдісімен жеңді. Осылайша, отандасымыз әлем чемпионы атанды.
Қазақстан қоржынына ерлер арасында тағы екі жүлде түсті. Асылан Нурдаулетов күміс медаль иеленсе, Ибрагим Нурмаханұлы жарыстың қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы күнін бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...
26.09.2026
11:27
Қазақстан чемпионатының жүлдегері еді: Ақтауда ...
26.09.2026
10:36
Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Маңғыстау обл...
26.09.2026
10:28
Келісімнен өндіріске дейін: Қазақстанда жаңа өн...
26.09.2026
09:51
Қорғаныс министрі қаза болған сарбаздардың жақы...