“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге шыққан блогерлер елдің ашуын туғызды

26.09.2026 • 16:36 Қарақат АСЫЛОВА
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге шыққан блогерлер елдің ашуын туғызды
532
Видеодан кадр

25 қыркүйекте Қазақстанда Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған еді, деп хабарлайды Politico.kz.

Алайда осы күні кейбір блогерлердің ойын-сауық сипатындағы тікелей эфирлерін жалғастыруы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Желі қолданушылары әсіресе эфирге қатысушылардың аза тұтуға қатысты айтқан сөздеріне наразылық білдірді.

Даудың біріне үш жас жігіттің тікелей эфирі себеп болған. Көрермендер оларға елде аза тұту күні екенін еске салған. Алайда эфир қатысушыларының бірі:

«Олар біз үшін өліп пе?» – деген.

Трансляция барысында «Бізге бәрібір, бізде эфир бар» деген сөз де айтылған.

Айта кетейік, 25 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болып, 17 әскери қызметші суға кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Оқиғаға байланысты желі қолданушылары блогерлердің әрекетіне шағым түсірген. Полиция аталған жарияланымдар мен тікелей эфирлер бойынша тексеру бастаған. Олардың әрекетіне құқықтық бағаны құқық қорғау органдары береді.

Войдите, чтобы оставить комментарий