15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионатында алты рекорд орнатып бес алтын еншіледі
708
Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 15 жастағы қазақстандық Снежана Кашкарова бес алтын медаль жеңіп алып, өз салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атанды, деп хабарлайды Politico.kz.
57 келіге дейінгі салмақта бағын сынаған отандық спортшы 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бәсекеде озық шықты. Тамаша дайындық көрсеткен Снежана турнир барысында бірден алты рекордты жаңартты, оның ішінде үш әлемдік және үш құрлықтық рекорд бар.
Қазақстандық ауыр атлет жұлқа көтеру жаттығуында 88 келіні бағындырса, серпе көтеруде 112 келі салмақты еңсеріп, қос сайыс қосындысы бойынша 200 келі нәтиже көрсетті. Бұл біріншілікте ел намысын қорғап жатқан Қазақстан құрамасының өзге де өкілдері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
13:38
Тәжірибеге артылған сенім
29.09.2026
13:18
«Жұлдызын жандырсам дедім»: Гүлзира Айдарбекова...
29.09.2026
12:53
Тоқаев Германияға қандай әріптестік ұсынды?
29.09.2026
12:45
«Үнсіз қалмау керек»: Жан Мұқанов шоу-бизнестег...
29.09.2026
12:35
Каспийде қаза тапқан 20 жастағы Алмас Көбенов а...
29.09.2026
12:26
Астанада егіз көтерген әйел екі ұлынан айырылды