«Жұлдызын жандырсам дедім»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды неге көп жыл тасада ұстағанын түсіндірді
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың шығармашылығын қолдауына қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, көпбалалы ана атанған келінінің талантын шыңдап, халыққа кеңінен танытуды ерте бастан-ақ армандаған. Алайда отбасылық жағдай мен бала тәрбиесі оның сахнаға бірден бет бұруына мүмкіндік бермеген көрінеді.
Продюсер келінінің ұзақ уақыт бойы өнерден алшақ қалуының басты себебін бала күтімімен байланыстырды:
«Менде Жұлдыздың жұлдызын жандырып, бір-ақ шығарсам деген арман болды. Ол бірінің артынан бірін босанды ғой. Бес баласы бар. Төрт баладан кейін енді етек-жеңін жинады ғой дедім. Оған дейін өзім де Қайраттан қолым тимей жүрді», – деп ағынан жарылды ол.
Осылайша, продюсер келінінің өнердегі жолы тек балалары өсіп, бой түзегеннен кейін ғана қайта ашылғанын, ал өзінің оның талантын бағалап, әрдайым үлкен сахнаға шығаруды мақсат еткенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар