«16 бас мал, 2 сиыр сатылған»: Атырауда жоғалған отбасының малы ауылдан құжатсыз қалай шыққан

07.01.2026 15:42 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«16 бас мал, 2 сиыр сатылған»: Атырауда жоғалған отбасының малы ауылдан құжатсыз қалай шыққан
0
2035
Фото: видеодан скрин

Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты тағы бір ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Осы мәлесені зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасына Жангелдин ауылының әкімі Ғайса Мақсотұлының видеосын жүктеді. 

Журналист ауыл әкімінен жоғалып кеткен отбасының малы ауылдан қалай құжатсыз шыққанын сұрады.

«Иесі жоқ малды емін-еркін қалай айдап, не тиеп кетті? Құжатсыз мал ауылдан қалай шықты? Иесі жоқ малға анықтама қағазы қалай берілді?» – деп жазды Жанат Молдашова.

Ауыл әкімінің айтуынша, жергілікті кәсіпкер 16 бас мал, 2 сиыр сатып алған. Ол жоғалған отбасының әкесінің шотына1 млн 400 мың теңгені аударып жіберген. 
Жангелдин ауылы әкімі Ғайса Мақсотұлы иесі жоқ малға анықтама қағазы қалай берілгенін айта алмай, бұған мал дәрігері, ветеринар мамандар жауапты деп құтылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт бірдей мүшесі ізім-ғайым жоғалып кеткен болатын.

Күні кеше полиция ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Күдіктілер анықталып іздестіріліп жатыр. 

Жоғалған қалған екі адамды полиция іздестіріп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий