3 жастағы қыздың 18 тісін бірден емдеген іс бойынша сот үкімі шықты

22.12.2025 16:56 Арман Ермеков Арман Ермеков
3 жастағы қыздың 18 тісін бірден емдеген іс бойынша сот үкімі шықты
0
502

Астанада тіс емханасында көз жұмған бүлдіршіннің өліміне кінәлі дәрігер жазадан босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана қаласында қоғамдық резонанс тудырған қайғылы іс бойынша сот үкімі жарияланды. Dent Park Ortho жекеменшік клиникасының анестезиологы Аида Жұмағалиева үш жасар қыздың өліміне кінәлі деп танылды. Сот оны кәсіби міндетін тиісінше орындамау салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыптады.

Судья Қажымұқан Мекемтас медицина қызметкеріне 2 жыл бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салу жазасын тағайындады. Алайда сотталушы Конституцияның отыз жылдығына орай жарияланған рақымшылық актісі негізінде негізгі жазадан босатылды. Яғни Аида Жұмағалиева түрмеге қамалмайды бірақ алдағы үш жылда медицина саласында жұмыс істеу құқығынан айырылады.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 30 қазанында болған еді. Үш жасар қыз елордадағы жекеменшік клиникалардың бірінде наркозбен ем қабылдау кезінде оянбай қалған. Сот отырысында марқұмның әкесі процедураның үш жарым сағаттан аса уақытқа созылғанын және стоматологтың бірден он сегіз тісті емдегенін айтқан болатын.

Еске салайық бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыны төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Алайда прокурордың өзі де рақымшылық заңын қолдану арқылы оны негізгі жазадан босатуды ұсынған болатын. Дәрігер Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Қаза тапқан қыздың әкесі Талғат Құмаров шығарылған үкіммен келіспейтінін жеткізді.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұған дейін ведомствоның бұл бағыттағы тексерісті күшейтетінін және нақты ұстанымдарын білдірген еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий