«3 жылға қамалуы мүмкін»: Прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенге жаза мерзімін сұрады

15.09.2026 17:02 Мөлдір ҚАЙНАР
«3 жылға қамалуы мүмкін»: Прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенге жаза мерзімін сұрады
65
Фото: видеодан скриншот

Танымал актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы оны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды  Politico.kz.

Бұл туралы іс бойынша жәбірленуші, блогердің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы мәлімдеді. Белгілі болғандай, актерге экс-зайыбының ар-намысына нұқсан келтіретін жағымсыз мәліметтер таратты деген айып тағылып, ол сот алдында жауап беруде.

14 қыркүйек күні өткен сот тыңдалымы жабық форматта ұйымдастырылған. Процеске онлайн қатысқан Фариза Алмасқызы соттан соңғы мәліметтермен бөлісті.

«Құрметті достар, бүгін Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысы өтті. Біз онлайн қатыстық. Сот барысында прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ әлі соңғы шешім шыққан жоқ. Үкім 16 қыркүйекте белгілі болады», – деді ол.

Атышулы іс бойынша соттың түпкілікті үкімі 16 қыркүйек күні жарияланады деп күтілуде.

Войдите, чтобы оставить комментарий